«Жас дарын» балалар шығармашылығының сәндік-қолданбалы облыстық сырттай көрме-байқауын өткізу туралы ережесі


1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже балалар өнер мектептері мен қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «Жас Дарын» облыстық сырттай сәндік-қолданбалы шығармашылық байқауын (бұдан әрі – байқау) ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды.
2. Іс-шараны ұйымдастырушы және үйлестіруші: Қостанай облысы әкімдігінің «Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы» КММ.
3. Мақсаты: білім алушылардың көркемдік, шығармашылық қабілеттерін, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу және одан әрі дамыту, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға тарту бойынша жүйелі және мақсатты қызметті дамыту.
4.Міндеттері:
1) білім алушыларды көркем өнерге, тарихи мұраға тарту, оларды белсенді шығармашылық қызметке тарту, әлеуметтендіру;
2) балалардың көркем және сәндік-қолданбалы шығармашылығына қызығушылықты дарыту;
3) қазіргі сәндік - қолданбалы өнерде халық дәстүрлерін сақтау және елдің мәдени-тарихи мұрасын көбейту;
4) іс-шараларға тарту арқылы балаларды қосымша біліммен қамтуды арттыруға жәрдемдесу.
5. Көрме-байқауды Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің тапсырмасы бойынша Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы қашықтықтан форматта өткізеді.

2. Байқауды өткізу мерзімдері
1. Байқау 2022 жылдың 19 сәуірден 19 мамырға дейін өткізіледі.
2. Байқауға қатысу үшін белгіленген өтінім 2022 жылғы 12 мамырға дейін «Жас Дарын» деген белгісі бар үлгідегі (1, 2-қосымша) беру қажет.
Өтінімге қоса беріледі:
1) жеңімпаздар мен қатысушылар санын көрсете отырып, қалалық/аудандық іріктеу кезеңінің қорытындылары туралы білім бөлімі бұйрығының көшірмесі;
2) қатысушылар мен топ басшысының жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (Т.А. Ә., туған жылы, сыныбы, оқу орны, үйінің мекенжайы және білім беру ұйымының мекенжайы, телефоны).
3. Талаптарға сәйкес келмейтін, сондай-ақ көрсетілген мерзімдерден кеш берілген жұмыстар байқауға жіберілмейді.
4. Аудандық және қалалық білім бөлімі басшысының қолы қойылған өтінім Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Психологиялық қолдау және қосымша білім беру орталығы» КММ 2022 жылдың 20 сәуіріне дейін Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық пошта арқылы қабылданады. Көрме-байқаудың байқаудың жұмыстары Қостанай қаласы, Баймағамбетов көшесі, 162 мекенжайына жеткізілсін. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы» КММ.
Іс-шараны үйлестіруші: Сапарова Багытгуль Кабдуловна, тел: 39-00-33, 87059625191.
Көрме-байқауды ұйымдастырушылар байқау материалдарын БАҚ-та авторын көрсете отырып жариялауға құқылы.


3. Көрме-байқаудың қатысушылары
1. Көрме-байқауға 11-17 жас (17 жасты қоса алғанда) білім алушылар қатысады.
2. Көрме-байқауға бір қатысушыдан Қостанай қаласы, С. Баймағамбетов көшесі, 162 мекенжайы бойынша Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы» КММ-не қолма-қол 1 жұмыс және осы номинация бойынша 4 фотосуреттен қабылданады.
3. Бір бала тек бір номинацияға қатысады!

4. Көрме-байқауды өткізу шарттары
1. Көрме-байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
1) тоқыма бұйымдарын дайындау: гобелен, кесте, бисер, батик, киіз басу, құрақ пластикасы;
2) ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу: көлемді және жалпақ ою, ағашқа сурет салу, қайың қабығынан жасалған бұйымдар; инкрустация (сүйек, металл, ағаш);
3) әйнекті көркемдеп өңдеу: витраж;
4) металды көркемдеп өңдеу: зергерлік бұйымдар, шағын формадағы мүсін, нақыштау, соғу;
5) ағаштан, тастан, саздан (қыш балшық), сабаннан, ағаштан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндер жасау;
6) ұлттық ою-өрнек элементтерімен халық киімінің үлгісін жасау;
7) қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация, квиллинг, папье-маше.
8) ұлттық нақыштағы интерьер дизайн-жобасы: үйлер, бөлмелер, саяжайлар, ландшафттар және т. б.
2. Жұмыстарда ілеспе жапсырмалар болуы тиіс: жұмыстың атауы; мәлімделген номинация; автордың тегі, аты; жасы; орындау техникасы; білім беру ұйымының атауы!!! Өлшемі 9 х 5 см.
3. Файл параметрлері: jpg немесе png пішімі. Қосымша материал ретінде жұмыс жасау процесін көрсететін фотосуреттер ұсынылады. Мәтіндік түсініктемелердің болуы міндетті: жұмыстың атауы, орындау техникасы, қажет болған жағдайда – мазмұнын түсіндіру.
4. Байқау жұмыстары келесі критерийлер бойынша бағаланады:
1) Жұмыстың көрме номинациясына сәйкестігі;
2) халық дәстүрлерін сақтау және пайдалану;
3) жұмыстың орындалу сапасы мен көркемдік деңгейі;
4) өзіндік ерекшелігі;
5) бұйымның стильдік, көркемдік және бейнелік шешімінің бірлігі;
6) фотосуреттің сапасы мен айқындылығы.
5. Көрме жұмыстарын кәсіби қазылар алқасы байқау критерийлеріне сәйкес 5 балдық жүйе бойынша бағалайды. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және хаттамамен ресімделеді.

5. Қорытындылау және марапаттау
1.Байқаудың қазылар алқасының құрамын ұйымдастырушылар жұмыс тәртібімен қалыптастырады және бекітеді.
2. Номинациялар бойынша конкурстың жеңімпаздары (1 орын), жүлдегерлері (2, 3 орын) «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы» ММ - нің грамоталарымен және ақшалай сыйлықтарымен марапатталады:
Жеңімпаздарды дайындаған педагогтер «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы» ММ грамоталарымен марапатталады.

6. Қаржыландыру
Байқаудың жүлдегерлерін ұйымдастыруға, өткізуге, марапаттауға байланысты шығыстарды Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы» КММ көтереді.

 

1қосымша

 

 

«Жас Дарын» сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығы

облыстық көрме-байқауға қатысуға өтінім

Номинация

Жұмыстың атауы

Қатысушының Т.А.Ә.

Туған күні, сыныбы

Тұратын мекенжайы, индекс, электрондық поштасы, телефоны

Білім беру ұйымы,

жоба жетекшісі

Мекен-жайы,

басшының байланыс телефоны, электрондық поштасы

Тоқыма бұйымдарын дайындау: гобелен, кесте тігу, батик, киіз басу, құрақ пластикасы;

 

 

 

 

 

 

Ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу: көлемді және жалпақ ою, ағашқа сурет салу, қайың қабығынан жасалған бұйымдар; инкрустация ( сүйек, металл, ағаш);

 

 

 

 

 

 

Әйнекті көркем өңдеу: витраж;

 

 

 

 

 

 

Металды көркемдеп өңдеу: зергерлік бұйымдар, шағын формадағы мүсін, нақыштау, соғу;

 

 

 

 

 

 

Ағаштан, тастан, саздан (қыш балшық), сабаннан, ағаштан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндер жасау;

 

 

 

 

 

 

Ұлттық ою-өрнек элементтерімен халық киімінің үлгісін жасау;

 

 

 

 

 

 

Қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация, квиллинг, папье-маше

 

 

 

 

 

 

 

Топ жетекшісі: (Т.А.Ә., жұмыс орны, лауазымы, ұялы телефоны)__________________________________

Білім бөлімінің басшысы

________________________ АББ/ҚББ ________________________ Т.А.Ә.

(қолы)

 

 

 2 Қосымша

Жұмысқа аннотация

Ұйымдастыру ____________________________________________________

Номинацияның атауы______________________________________________

Ұсынылатын жұмыстың атауы ______________________________________

Автордың тегі, аты, әкесінің аты _____________________________________

Басшының тегі, аты, әкесінің аты ____________________________________

Қысқаша сипаттамасы ________________________________________________

Негізгі сипаттамалары_______________________________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg