Психологиялық жұмыс бөлімі

Миссиясы: кәмелетке толмағандар мен жастардың психо-эмоционалды денсаулығын сақтау, адамның әлеуетті күштері мен мүмкіндіктерін толық ашу, адам жанындағы бұзылған тепе-теңдікті қалпына келтіру үшін ресурстарды біріктіру және шоғырландыру (адами, психолого-педагогикалық, әдістемелік, ата-аналық қоғам).

Мақсаты: қоғамға қарсы және деструктивті мінез-құлықтың алдын алуда кәмелетке толмағандар мен жастарға кәсіби қолдау көрсету.

Міндеттері:

- кәмелетке толмағандар мен жастардың психологиялық денсаулығын диагностикалау;

- жеке экологиялық факторлар мен олардың құрамдас бөліктерінің кәмелетке толмағандар мен жастардың денсаулығына және өміріне (қалалық, ауылдық және т.б.) әсерін зерттеу;

- кәмелетке толмағандар мен жастардың психо-эмоционалдық денсаулығын арттыру жолдарын анықтау;

- кәмелетке толмағандар мен жастарды олардың жеке қабілеттері мен жеке ерекшеліктерін ескере отырып шығармашылық және спорттық жұмыстарға тарту;

- психоэмоционалды мониторинг жасау - кәмелетке толмағандар мен жастардың өмірлік процестеріндегі өзгерістерді, оларға қоршаған ортаның  түрлі  факторларларының әсер етуіне, адам ағзасына максималды рұхсат етілген техногендік жүктемелерге байланысты, сондай-ақ олардың денсаулығына әсер ететін қоршаған ортаны бақылау мен бағалауға арналған бақылау жүйесі;

- кәмелетке толмағандар мен жастардың қоғамға қарсы және деструктивті мінез-құлқын анықтайтын және алдын алатын диагностикалық құралдарды жасау.

Құрылымы

Директордың психологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары (1 ставка)

Психологиялық жұмыс бөлімінің жетекшісі (1 ставка)

2 әдіскер (2 ставка)

2 психолог (бетпе-бет кеңес беру) (3 ставка)

4 психолог «сенім телефоны» (4 ставка)

2 әдіскер (2 ставка)

2 психолог (бетпе-бет кеңес беру) (3 ставка)

4 психолог «сенім телефоны»  (4 ставка)

Бөлім жұмысының тренді

  • ақпараттық-талдау қызметі;
  •  психологиялық және құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру;
  •  кәмелетке толмағандар мен жастардың мінез-құлқын психологиялық түзету;
  •  барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының педагог- психологтарымен өзара әрекеттесу, олардың жұмысын әдістемелік жағынан сүйемелдеу;
  •  халықаралық, республикалық тәжірибені зерттеу және енгізу;
  •  Облыс бойынша мобильді әрекет ету тобының жұмысын ұйымдастыру.

 Басшының психологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарының функционалдық міндеттері

  1. Психологиялық жұмыс бөлімінің қызметін үйлестіреді және бақылайды: әдістемелік, кеңес беру, сенім телефоны мен мобильді әрекет ету топтарының жұмысын.
  2. Психологиялық жұмыс бөліміндегі іс-әрекеті мазмұнының бағытын анықтайды.
  1. Бөлімнің перспективалық бағдарламасын жасайды.
  2. Мобильді жауап тобының жұмысын қамтамасыз етеді және оның құрамына кіреді.
  3. Психологиялық жұмыс бөліміндегі жұмыстарды бақылайды, талдайды, қорытындылайды.
  4. Есеп құжаттарын талаптарға сәйкес жүргізеді.
  5. Сұраныс бойынша психологиялық жұмыс туралы ақпарат, материалдар, анықтамалар, есептер дайындауды қамтамасыз етеді (білім басқармасы, өзара әрекеттесетін құрылымдар).
  6. Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығының психологиялық жұмысының жарнамалық қызметін ұйымдастырады және бақылайды.
  7. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттесуді (ақпараттық іс-шаралар, мақалалар орналастыру), Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығының сайтында психологиялық бөлімнің ақпараттық мазмұнын қамтамасыз етеді.

 Психологиялық жұмыс бөлімі басшысының функционалдық міндеттері

  1. Психологиялық жұмыс бөлімінің жұмысын үйлестіреді және бақылайды: әдіскерлерді, психологтарды, сенім телефонын, мобильді жауап тобын.
  2. Бөлімнің жұмысын талдайды, қорытындылайды.
  1. Бөлім жұмысының перспективалық бағдарламасын құруға қатысады.
  2.  Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы психологиялық іс-әрекетке  және оқу үрдісін психологиялық қамтамасыз етуге байланысты мәселелер бойынша облыстың тиісті ұйымдарымен және мекемелерімен өзара іс-әрекетті жүзеге асырады.
  3. Бөлімнің ақпараттық-баспа қызметін қамтамасыз етеді (кітапшалар, буклеттер және т.б.).
  4. Есеп құжаттарын жүргізеді,  бұл туралы әкімшілікке хабарлайды.
  5. Іс-шараларды ұйымдастырып-өткізеді (семинарлар, практикумдар, тренингтер).
  6. Мобильді әрекет ету тобының құрамына кіреді.

Психологтың функционалдық міндеттері (күндізгі кеңес беру)

  1. Диагностикалық іс-шараларды жүргізеді.
  2. Күндізгі (жеке) психологиялық кеңес береді.
  1. Отбасылық кеңестер өткізеді.
  2. Балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқын психологиялық түзетуді жүзеге асырады.
  3. Топтық тренингті әзірлейді және өткізеді.
  4. Өтініштерге мониторинг жүргізеді.
  5. Талдау қызметін жүргізеді.
  6. Мобильді әрекет ету тобының құрамына кіреді.

Психологтың функционалдық міндеттері (сенім телефоны)

  1. Телефондық психологиялық кеңес беріледі.
  2. Мүмкіндігінше күндізгі кеңес береді.
  1. Балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқын психологиялық түзетуді жүзеге асырады.
  2. Өтініштерге мониторинг жүргізеді.
  3. Талдау қызметін жүргізеді.
  4. Тәуекел дәрежесін бағалайды және қажет болған жағдайда мобильді іс-әрекет тобын шақырады.

Әдіскердің функционалдық міндеттері (облыстың жалпы білім беретін мектептеріне бекітілген)

  1. Облыстың жалпы білім беру ұйымдарының педагог-психологтарының жұмысына жетекшілік етеді және үйлестіреді.
  2. Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық жұмыстың жай-күйін талдайды, оның тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасайды.
  1. Облыс мектептерінің педагог-психологтарына арналған оқыту семинарларының, практикумдардың әдістемелік және ақпараттық материалдарын әзірлейді.
  2. Семинарлар, практикумдар, тренингтер ұйымдастырады және өткізеді.
  3. Психологиялық қолдау жұмыстарын ұйымдастыруда психологтарға білім беру бағдарламаларының, формаларының, әдістері мен оқу құралдарының мазмұнын анықтауға көмектеседі.
  4. Білім беру мекемелерінде психологиялық-педагогикалық жұмыстарға мониторинг жүргізеді.
  5. Мобильді әрекет ету тобының құрамына кіреді.

Әдіскердің функционалдық міндеттері (облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына бекітілген)

  1. Облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагог-психологтарының жұмысына жетекшілік етеді және үйлестіреді.
  2. Облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық жұмыстың жай-күйін талдайды, оның тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізеді.
  1. Облыстың техникалық және кәсіптік білім беру педагог-психологтарына арналған оқыту семинарларының, практикумдардың әдістемелік және ақпараттық материалдарын әзірлейді.
  2. Семинарлар, практикумдар, тренингтер ұйымдастырады және өткізеді.
  3. Психологиялық қолдау жұмыстарын ұйымдастыруда психологтарға білім беру бағдарламаларының, формаларының, әдістері мен оқу құралдарының мазмұнын анықтауға көмектеседі.
  4. Облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық жұмыстарға мониторинг жүргізеді. 
  5. Мобильді әрекет ету тобының құрамына кіреді.

Заңгердің функционалдық міндеттері

  1. Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығының құқықтық мәселелері бойынша кәмелетке толмағандарға, олардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне кеңес береді.
  1. Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығының құқықтық сипаттағы құжаттарын әзірлейді.
  2. Қажет болған жағдайда білім беру ұйымдарына құқықтық көмек көрсетеді.
  3. Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығының құқықтық қызмет нәтижелерін зерделеуді, талдауды және қорытуды жүргізеді.
  4. Мүдделі ведомстволар мен ұйымдардың сұрау салуы бойынша ақпаратты уақтылы дайындауды қамтамасыз етеді.
  5. Мобильді әрекет ету тобының құрамына кіреді.
  6. Ұйымның құқықтық мәселелері бойынша БАҚ-пен өзара әрекет етеді.
1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg