Жыл сайынғы тамыз конференциясы, психологиялық бағыттағы бөлімнің мына тақырыбы бойынша:

«Қостанай облысының білім беру ұйымдарының оқу процесіндегі қатысушыларына психологиялық қолдауды дамыту және нығайту»

 

2020 жылдың 10 тамызы КММ «Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы Қостанай облысы әкімдігінің білім Басқармасы «ZOOM» алаңында, «Психология» бөлімінде, жыл сайынғы облыстық тамыз конференциясы мына тақырып бойынша:

«Қостанай облысының  білім беру ұйымдарының оқу процесіндегі қатысушыларына психологиялық қолдауды дамыту және нығайту» өтіп, оған педагогикалық қауымдастықтың 100 тыңдаушысы қатысты.

Кеңестің негізгі мақсаты осы тақырып бойынша өзекті мәселелер талқыланды, өзін-өзі өлтіру мінез-құлықын алдын-алу және кәмелетке толмағандардың сексуалдық тұтастығын болдырмау жөніндегі одан әрі нұсқаулар анықталды.    

Диалогттық онлайн-алаңға модератор болып Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығының  директоры Петренко Елена Александровна шықты. Диалогқа білім бөлімінің әдіскерлері, тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарлары, әлеуметтік  педагогтар, жалпы білім беретін мектептердің педагог – психологтары қатысты. «ПҚжҚБӨО» директоры тыңдаушыларды Қостанай облысындағы статистикалық мәліметтермен және өзін-өзі өлтіру оқиғаларының динамикасы ауқымымен таныстырды. Өз кезегінде аймақтық сарапшылар, жазда қандай жұмыстар атқарылғанын айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Толығырақ өз жұмыстарымен 4 аймақтың өкілдері осы саладағы жұмыстары туралы егжей-тегжейлі айтып берді:

Сыздыкова Д.Б. – КММ «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің білім бөлімі» аудандық әдіскерлер бөлімінің әдіскері:

  • Елисеева Л.В. КММ Лисаковск қаласының әкімдігінің білім бөлімі «Мектеп-гимназия» директоры;
  • Качалов М.В. – «Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» «№121 Құшмұрын орта мектебі» педагог-психолог;
  • Курманбаева А.У. – КММ Ұзынкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі «Троебратск орта мектебі» педагог-психолог.

Талқылау барысында шақырылған сарапшылар өздерінің жұмыстары мен кәмелетке толмағандардың өзін-өзі өлтіру мінез-құлқы мен сексуалдық тұтастығына қатысты көзқарастары туралы айтып берді. Мұғалімдер қоғамындағы ең актуалды сұрақтарға жауап беріп, сонымен бірге осы бағыттағы жұмыс сапасын жақсарту бойынша тиімді ұсыныстар әзірледі.

Қорытындылай келе, директор «ПҚжҚБӨО» директоры Елена Петренко диагностика, тесттер және онлайн-кеңес беру үшін оқушыларға ZOOM платформасында жұмыс істеуге, білім беру психологтарын оқыту үшін онлайн-семинар өткізу ұсынды, сонымен қатар диалог алаңында (сұрақ, жауап) өткізілді. Нәтиже көрсеткендей, барлық қатысушылар жиналыс тақырыбына және орталықтың ақпаратына қанағаттанған. КММ «ПҚжҚБӨО».

1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg