Қостанай облысының қосымша білім беру педагог қызметкерлерінің секциясы.

2019 жыл 22 тамыз

 

2019 жылдың 22 тамызында Ы.Алтынсарин атындағы ДБМ-де Қостанай облысы білім басқармасы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі шеңберінде Қостанай облысының білім басқармасы психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығымен бірлесіп облыстың 160 педагогының қатысуымен «Қостанай облысының қосымша білім  беру жүйесінде дамудың жаңа мүмкіндіктері, инновация және  перспективалар» - қосымша білім беру қызметкерлерінің секциясының отырысын өткізді.

Секция жұмысы барысында педагогтар ғылыми-техникалық, көркем-эстетикалық, туристік-өлкетану және әскери-патриоттық бағыттарды дамытудың жаңа тәсілдері мен ұйымдастырушылық формаларын талқылауға қатысты.

Мемлекеттің әлеуметтік әріптестігін ұйымдастыру, азаматтық қоғам институттары, білім беру социумын кеңейту арқылы қосымша білім беру жүйесінің барлық субъектілерінің қарым-қатынас нүктелерін іздеуге ерекше назар аударылды.

Секцияларға қатысушылар халықтың бай дәстүрлерін сақтау және көпшілікке тарату, рухани байыту, сананың ашықтығы, жаһандық ынтымақтастық, өңірлік және жаһандық кеңістіктерде кең және икемді өзара іс-қимыл жасау қабілеті арқылы патриотизмді, жоғары адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған одан әрі басымдықтарды анықтады.

Салтанатты марапаттау рәсімін өткізу кезінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің грамоталары мен алғыс хаттарымен 11 педагог, Қостанай облысы Білім басқармасы басшысының грамоталарымен – 24 педагог марапатталды.

Қостанай облысының қосымша білім беру педагогтары секциясының отырысы жоғары ұйымдастырушылық және эмоционалдық деңгейде өтті.

Облыс педагогтарын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз, шығармашылық табыс тілейміз!

1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg