19 мамырда психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығының мамандары Қостанай облысының білім беру ұйымдарында «Community Power»: жастардың суицидімен жұмыс істеу бойынша қоғамдастықтардың әлеуетін нығайту» халықаралық жобасын іске асыруды қорытындылады. 

Бұл жоба 2022 жылғы ақпан – мамыр аралығында балалардың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасындағы суицидтік мәселелерін шешу жөніндегі 2020-2023 жылдарға арналған Жол картасын орындау шеңберінде іске асырылды. Үйлестіру және әдістемелік қолдауды психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы жүзеге асырды.

Аталған жобаның мақсаты: өзіне – өзі қол жұмсау бейімділігін уақтылы анықтау үшін жаңа, тиімді тетік-QPR технологиясын пайдалану.

Оқыту желілік принцип бойынша облыстың білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымдары (385 мектеп және 26 ТжКБ) мен ата-аналар қауымдастығын қамти отырып, үш кезеңде өтті.

Жоба жұмысының нәтижелері бойынша 24747 адам қамтылған 935 сабақ өткізілді (440 –психологтар, 477 - директордың ТЖ бойынша орынбасарлары, 418 –әлеуметтік педагогтар, 6788 – сынып жетекшілері, 16624-ата-аналар қоғамдастығы).

Кездесуде осы жоба бойынша жергілікті жерлердегі жұмыстың тиімділігі атап өтілді.  Психологиялық қызметтердің білім беру процесінің барлық қатысушыларын (педагогтарды, ата-аналарды) қосу қағидатына негізделген QPR технологиясын қолдануы білім алушылардың дағдарыстық жағдайларын уақтылы анықтауға және оларға қолдау, психологиялық көмек көрсетуге, жасөспірімдер арасындағы суицидтік деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді

Кездесу барысында психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығының директоры Елена Александровна Петренко жоба жұмысындағы оң сәттер мен қиындықтарды атап өтті, профилактикалық жұмыста QPR технологиясын белсенді пайдалану қажеттілігін атап өтті. Кездесу соңында Елена Александровна осы жобада оқудан сәтті өткен психологтарға сертификаттар табыс етті.  

 

 

 

 

1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg