Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау және өскелең ұрпақты театр өнері әлеміне тарту мақсатында «Балалар және театр» республикалық ағарту жобасын іске асыруда.

Қостанай облысы жобаны белсенді жүзеге асыруда.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы» КММ Балалар жылына арналған іс-шаралар аясында мектеп үйірмелерінің болуы және балаларды театр үйірмелерімен қамту бойынша деректер банкін құрды және балалардың театрларға жеңілдікпен баруын үнемі қадағалап отырады.

Театрларға бару - кәмелетке толмағандардың белсенді демалысының бір түрі.

Театрға келудің мақсаты - балалар мен жасөспірімдердің театр аудиториясын кеңейту, оқушылардың жалпы мәдени деңгейін арттыру.

Мәселен, Қостанай облысында білім беру ұйымдарында 680 театр үйірмесі бар, онда 4 150 оқушы айналысады, 6 439 оқушы театрларға тегін барды:

- Жітіқара ауданы-500 оқушы;

- Қамысты ауданы - 230 оқушы;

- Қостанай ауданы-1800 оқушы;

- Науырзым ауданы – 123 оқушы;

- Бейімбет Майлин ауд. -500 оқушы;

- Арқалық қаласы - 720 оқушы;

- Қостанай қаласы-2430 оқушы;

- Рудный қаласы - 136 оқушы.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Мектеп оқушыларының демеушілері балаларды театрға түрлі қойылымдар мен спектакльдерге билеттермен қуантуға тырысады.

 

1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg