2021 жылғы 29 желтоқсанда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының облыстық алқасы өтті.

Білім басқармасы басшысының орынбасары Ибраева Айман Еламановна Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының 2021 жылғы қызметін қорытындылады. Алқа жұмысы барысында келесі көрсеткіштер бойынша салыстырмалы талдау жасалды: ұйымдарды материалдық - техникалық жарақтандыру, мектепке дейінгі тәрбиемен қамту және балалардың мектепке дайындық деңгейі. Жалпы білім беру ұйымдары оқушыларының республикалық оқушылар олимпиадасына қатысуына талдау жүргізілді, «Мобильді мұғалім", «Үздіксіз білім берудегі педагог", «Оқитын мектеп - оқитын ұлт» жобалары бойынша ақпарат айтылды.

Облысқа қосымша білім беруді 47 ұйым ұсынды, оның ішінде 1 жекеменшік, қамту 81% - ды құрайды, бұл республикалық көрсеткіштен 18% - ға жоғары, отбасы мен білім беру ұйымдарының жүйелі кешенді үйлестірілген өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында "Үндестік" өңірлік жобасы іске қосылды.

Педагогтердің педагогикалық шеберлігін арттыру мәселелері айтылды, педагогтарды арттыру курстарынан 1228 адам, аттестаттаудан 679 педагог өтті.

Қостанай облысының білім беру ұйымдарын дамытудың 2022 жылға арналған перспективалары қаралды.

Ақпараттық-талдау жұмысы бөлімінің басшысы Байтенова Рәзия Амербековна білім басқармасы алқасының 2021 жылғы қызметін қорытындылады.

 

1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg