2021 жылғы 14 желтоқсанда психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығының мамандары білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету, білім алушылардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу бойынша психологиялық қызметтер жұмысының тиімділігіне мониторинг жүргізу мақсатында Рудный қаласының білім беру ұйымдарында әдістемелік күн өткізді.
Әдістемелік күн аясында білім беру ұйымдарына нақты көмек көрсетілді: «Рудный қаласының білім бөлімінің №1 Қашар жалпы білім беретін мектебі» КММ, «Рудный қаласының білім бөлімінің №2 Қашар жалпы білім беретін мектебі» КММ, Рудный қаласы білім бөлімінің №1 жалпы білім беретін мектебі " КММ.
Орталық мамандары педагогикалық ұжымдармен бірлесіп, бірлескен қызметтің перспективалық және нақты мақсаттарын, оларға қол жеткізудің тиісті тәсілдерін айқындады, психологиялық қызметтерді ұйымдастыру және жұмыс істеу кезеңдері мен тәртібін атап өтті, педагог-психологтардың бағдарламалары мен жұмыс жоспарларының орындалуын бақылауды жүзеге асырды. Сондай – ақ, білім беру ұйымдарының психологтарына 5-11 сыныптар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша тоқсан сайын анонимді сауалнама жүргізуге көмек көрсетілді.
Педагогикалық ұжымдарға білім алушылармен жұмыстың жеке және топтық формаларын құрастыру бойынша кәсіби әдістемелік көмек көрсетілді, жасөспірімдердің үрейлі жағдайларын алдын алу бойынша жүйелі тренингтік сабақтарды құрастыру бойынша ұсыныстар берілді.

1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg