Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы 2021 жылғы 14 желтоқсанда «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының облыстық Ұланбасы сайлауын өткізді.

«Ұланбасы» - «Жас Ұлан» көшбасшысы, облыстың балалар ұйымының басшысы болып табылады, ұйым мүшелерінің қоғамдық қызметіне басшылық етеді, өз атынан және оқушылар атынан ұйымның қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді, түрлі әлеуметтік жобаларға, іс-шараларға бастамашылық етеді және ұйымдастырады.

Сайлауға Амангелді, Қамысты, Қарабалық, Қостанай, Ұзынкөл, Б.Майлин аудандарынан, Арқалық, Қостанай, Лисаков, Рудный қалаларынан 10 өңірлік Ұланбасы қатысты. Балалар сайлауалды бағдарламасын және өзін-өзі таныстыруды ұсынды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Қостанай облысының Ұланбасы Рудный қаласының № 3 жалпы білім беретін мектебінен Рыспай Алдияр болды, Ұланбасының орынбасары болып Лисаков қаласының № 6 жалпы білім беретін мектебінен Анна Потянова таңдалды.

Ұланбасы облыстық кеңесі активінің құрамына Амангелді ауданының Қабдырашова Марал - Тасты жалпы білім беретін мектебі, Арқалық қаласының Ы, Алтынсарин атындағы Саржанова Венера - гимназиясы, Қамысты ауданының Викулова Ангелина №1 жалпы білім беретін мектебі, Ұзынкөл ауданының Құмарова Камила №1 жалпы білім беретін мектебі кірді. Қалғандары «Жас Ұлан» ББЖҰ облыстық көшбасшылар кеңесіне кірді. Сайлауға қатысқан барлық қатысушы сертификаттарын алады.

 

1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg