2021 жылғы 8  желтоқсанда  психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығының мамандары әдістемелік және психологиялық көмек көрсету, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша білім беру ұйымдарының қызметін зерделеу мақсатында Науырзым ауданының білім беру ұйымдарында әдістемелік күн өткізді.

Әдістемелік күн аясында «Науырзым ауданының білім беру бөлімі» ММ, «Науырзым ауданының білім беру бөлімінің Докучаев жалпы білім беру мектебі» КММ, «Науырзым ауданының білім беру бөлімінің Жамбыл жалпы білім беру мектебі» КММ нақты көмек көрсетілді. Орталық мамандары педагогикалық ұжымдармен бірлесіп бірлескен қызметтің перспективалық және нақты мақсаттарын, оларға қол жеткізудің тиісті тәсілдерін айқындады, психологиялық қызметтерді ұйымдастыру және жұмыс істеу кезеңдері мен тәртібін белгіледі, түзету қызметі нәтижелілігінің өлшемдері мен көрсеткіштерін әзірледі, педагог-психологтардың бағдарламалары мен жұмыс жоспарларының орындалуын бақылауды жүзеге асырды.

Нормативтік және есептік құжаттарды, жүйелі тренингтік сабақтарды, оқушылармен жеке жұмыс жоспарын құрастыруда әдістемелік көмек көрсетілді. Сондай-ақ электронды түрде әдістемелік материал берілді, ол мыналарды қамтыды: психологтың нормативтік-құқықтық құжаттамасы, Қостанай облысының білім беру ұйымдарының (мектеп және ТжКБ) психологиялық қызметінің жағдайы, психологтар үшін жадынамалар, визиткалар және парақшалар.

Сындарлы сұхбат барысында білім беру ұйымдарының психологиялық қызметтерінің жұмысындағы проблемалар анықталды. Орталық мамандары педагог-психологтарға практикалық ұсыныстар берді.

Орталық мамандары білім беру ұйымдарының пікірсайыс клубтарының жұмысымен танысып, дебатерлермен нәтижелі кездесу өткізді.

 

 

 

 

 

 

 

 

1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg