2021 жылғы 3 қарашада Қарасу ауданының білім беру ұйымдарында психологиялық қолдау және қосымша білім беру орталығының мамандары әдістемелік көмек көрсету, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша білім беру ұйымдарының психологиялық қызметтерінің жұмысын зерделеу мақсатында әдістемелік күн өткізді.

Әдістемелік күн аясында «Қарасу ауданының білім беру бөлімі» ММ, «Қарасу ауданының білім беру бөлімінің Қараман жалпы білім беретін мектебі» КММ, «Қарасу ауданының білім беру бөлімінің Люблин жалпы білім беретін мектебі» КММ білім беру ұйымдарына нақты көмек көрсетілді. Орталық мамандары педагогикалық ұжымдармен кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алуға ықпал ететін бірлескен қызметтің нақты мақсаттарын, бағыттары мен тәсілдерін анықтады.

Педагогикалық ұжымдарға білім алушылармен жұмыстың жеке және топтық формаларын құрастыру бойынша кәсіби әдістемелік көмек көрсетілді, жасөспірімдердің үрейлі жағдайларын алдын алу бойынша жүйелі тренингтік сабақтарды құрастыру бойынша ұсыныстар берілді. Сондай-ақ электронды түрде әдістемелік материал берілді, ол мыналарды қамтыды: психологтың нормативтік-құқықтық құжаттамасы, Қостанай облысының білім беру ұйымдарының (мектеп және ТжКБ) психологиялық қызметінің жағдайы, психологтар үшін жадынамалар, визиткалар және парақшалар.

Сындарлы сұхбат барысында білім беру ұйымдарының психологиялық қызметтерінің жұмысындағы проблемалар анықталды. Орталық мамандары психологиялық жағдайды диагностикалау және түзету бойынша педагог-психологтар үшін практикалық ұсыныстар берді.

 

 

 

 

 

1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg