Бүгін онлайн форматта «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының салтанатты жабылуы өтті.

Іс-шараға Қостанай облысы әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі Асылхан Әулиеханұлы Мұқышев, Қостанай облысы Қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің әскери-патриоттық жұмыс және ардагерлермен жұмыс жөніндегі қызмет бастығы, майор - Болат Мұратұлы Маусымбаев, облыстық «Жас әскер» әскери - патриоттық слетінің жеңімпаздары - «Тайфун», «Жас Сарбаз», «Мерген» ӘПК курсанттары, сондай-ақ олардың басшылары қатысты.

Балаларға онлайн форматта шақыру жасына дейінгі жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру туралы бейнероликтер көрсетілді, Парламент мәжілісінің халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Құспан Айгүл Сайфоллақызы сөз сөйледі. «Айбын» жиынының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

«Айбын» жиынының қорытындысы бойынша біздің командалар «алтын ортада», «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық клубы 24 орынға, «Мерген» әскери-патриоттық клубы 25 орынға «Тайфун» әскери-патриоттық клубы 37 орынға ие болды.

1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg