Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылғы 20 қазан мен  23 қараша аралығында психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы экологиялық-биологиялық және психологиялық бағыттағы үздік оқу - әдістемелік кешенге «Әдістемелік вернисаж» облыстық сырттай кәсіби шеберлік байқауын өткізді. Байқау инновациялық педагогикалық тәжірибені анықтау және дарынды педагогтарды қолдау, білім беру мекемелерінің педагогтары мен психологтарының кәсіби деңгейін арттыру мақсатында өткізілді.

Байқауға Қостанай облысының 13 өңірінен 25 жұмыс ұсынылды.

     Байқау қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:

         Психологиялық бағыт бойынша үздік оқу-әдістемелік кешен:

1 орын - Галина Вячеславовна Заварыкина, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің № 3 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

 2 орын - Ирина Сергеевна Марченко, Забирова Регина Шамильевна, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің            № 2 мектеп – лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

3 орын –Жұлдыз Сабржановна Мергенова, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Меңдіқара ауданының білім бөлімінің Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп – гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

         Экологиялық-биологиялық бағыт бойынша үздік оқу – әдістемелік кешен:

1 орын -Галина Владимировна Пироженко, Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «Балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

2 орын -  Елена Валерьевна Малявина, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім  бөлімінің №10 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

3 орын -  Жазира Мақсатқызы Мейрімхан, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің № 13 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Байқау үздік педагогикалық тәжірибені анықтап, білім алушылардың мәдениетін қалыптастыру, олардың қоғамдағы өмірге бейімделуі, өскелең ұрпақтың рухани - адамгершілік әлеуетін дамыту саласындағы міндеттерді шешуде жаңа қырларын ашуға мүмкіндік берді.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!

 

 

1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg