2021 жылғы 26-27 тамызда психологиялық қолдау және қосымша білім беру Өңірлік орталығы Конституция күніне арналған облыстық қашықтықтан пікірсайыс турнирін онлайн-режимде ұйымдастырды және өткізді.
Турнирдің мақсаты-студенттердің азаматтық позициясын қалыптастыру, өздері мен қоғам алдындағы жауапкершілігін қалыптастыру, талдау арқылы шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамыту.
Турнирге Қостанай облысының жалпы білім беретін мектептерінен 24 команда екі тілдік лигада қатысты: мемлекеттік тілде – 10, орыс тілінде – 14.
Турнирдің төрешілер алқасының жұмыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
қазақ тіл лигасында:
1 орын иегері «ДБМ-1» командасы, Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп - интернаты болды.
2 орынды Қостанай қаласындағы С. Мәуленов атындағы гимназияның «Өркениет» командасы иеленді;
3 орын Науырзым ауданының жамбыл жалпы білім беретін мектебінің командасына берілді;
«Үздік спикер» номинациясы бойынша Анаурбекова Индира, «Озат» МАТМЛИ білім алушысы;
орыс  тіл лигасында:
1 орын - Жітіқара ауданының №12 жалпы білім беретін мектебінің «Спартак» командасы;
2 орын – «Патриот» командасы, Қостанай қаласының балалар шығармашылығы мектебі;
3 орын – «Дала балалары» командасы, Қарабалық ауданының Новострой жалпы білім беретін мектебі.
«Ең үздік спикер» номинациясында Қарабалық ауданының Новострой жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Калапов Нурали жеңімпаз атанды.
«Үздік спикер» номинациясында  Федоров ауданының Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі, Дудко Валерия жеңімпаз атанды.
«Үздік төреші» номинациясында Тумебаева Салтанат.
Облыстық пікірсайыс турнирінің барлық жеңімпаздары мен номинанттары психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығының грамоталарымен марапатталды, барлық қатысушылар сертификаттар алды.
Барлық жүлдегерлерді құттықтаймыз! Оларға алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!

1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg