2021 жылдың қыркүйек айында «Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы» КММ Қостанай облысының білім беру ұйымдарында психологиялық қызмет жұмысының тиімділігін арттыру жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын «ПҚжҚББӨО желілік үйлестірушілері» облыстық жобасын іске асыруда. Бұл-қызметі психологиялық жұмыстың сапасын жақсартуға, облыс педагог-психологтарын әдістемелік қолдаудың тұтас жүйесін құруға, психологиялық бағыт бойынша практикалық көмек көрсетуге, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың психологиялық саулығы/денсаулығының өзекті мәселелерін шешуге бағытталған білім беру ұйымдарының тәжірибелі педагог-психологтарының (облыстың әр ауданынан/қаласынан бір маманнан) кәсіби бірлестігі.
 Жобаның мақсаты: Қостанай облысының Білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс сапасын арттыру, облыс педагог-психологтарын уақтылы әдістемелік қолдау, кәмелетке толмағандар арасында суицидтің, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу бойынша жұмысты күшейту.
Жобаға қатысушылар – облыстық білім беру ұйымдарының 20 педагог-психологы (облыстың әр ауданынан/қаласынан бір маманнан), олар ПҚжҚББӨО желілік үйлестірушілері болып табылады.
Үйлестірушілер:
-өз өңірінің (қаланың, ауданның) әрбір педагог-психологымен нақты жұмысты жүзеге асырады, педагог-психологтарға аутодеструктивті мінез-құлықтың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, буллингтің, кибербуллингтің (диагностика, түзету, профилактика) профилактикасы мәселелерінде практикалық көмек көрсетеді, кеңестер, әдістемелік күндер өткізеді.
Жобаны іске асыру мыналарға ықпал етеді:
- орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің бірыңғай моделін қамтамасыз ету;
- аутодеструктивті мінез-құлықтың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, буллингтің және кибербуллингтің алдын алу бойынша диагностикалық зерттеулер жүргізу бойынша жұмыс әдістерін жетілдіру;
- білім беру процесіне қатысушылармен суицидтің алдын алу, кеңес беру, түзету жұмыстарының тиімділігін арттыру.

1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg