Бүгін, 2021 жылғы 19 тамызда психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы «Бейсенбідегі пікірсайыстық кездесулер» аясында кезекті вебинар ұйымдастырды.

Вебинар жұмысына облыстың барлық өңірлерінен 20 үйлестіруші қатысты.

Кездесу тақырыбы: «Облыстық қашықтықтан пікірсайыс турнирін дайындау».

Спикерлер ретінде Шамитдинов Оғабек Мираминұлы, Мәуленова Гульажар Бекжігітқызы А. Байтұрсынов атындағы Өңірлік университеттің «Парасат» пікірсайыс клубының жетекшілері сөз сөйледі.

Вебинар барысында спикерлер қатысушыларды 2021 жылғы 26-27 тамызда онлайн форматта өтетін турнирді өткізу ережелерімен, басты төрешілермен және қарарлармен таныстырды. Вебинар соңында «Ашық микрофон» ұйымдастырылды, оның барысында педагогтар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.

 

1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg