Бүгін, 18 тамызда мен балалар мен жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсау фактілері мен өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттерінің алдын алу бойынша шараларды әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының Республикалық отырысына қатыстым. Отырыс қашықтық форматта өтті. Модератор ретінде  ҚР БҒМ  Балалардың құқықтарын қорғау  Комитетінің төрағасының орынбасары Д. Ш. Жекебаев сөз сөйледі.
Отырыстың бірінші бөлімінде Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарының спикерлері сөз сөйлеп, өз өңірлерінде кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу бойынша өз тәжірибесімен бөлісті. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, балалар мен жасөспірімдер арасында суицид фактілерінің және суицид әрекеттерінің алдын алу бойынша шаралар кешенін әзірлеу бойынша мәселелер қаралды, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу бойынша 2021-2022 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарын әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізілді.
Отырысқа қатысушылардың барлығы стресстік және алаңдаушылық жағдайға ұшыраған балаларды анықтау және сүйемелдеу кезінде психологиялық қызметтер жұмысының маңыздылығын атап өтті, білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтер жұмысының тиімді нысандары ұсынылды. Балалар мен жасөспірімдердің психологиялық жағдайларын уақтылы және сапалы диагностикалау қажеттілігі алаңдаушылық пен стресстік жағдайларды азайтуға, сондай-ақ тұрақтылық пен стресске төзімділікті қалыптастыруға бағытталған кейінгі түзету шараларын жүргізу үшін атап өтілді.
 «Сұрақ-жауап»  форматында отырысқа  қатысушылар  суицидтік мінез-құлықтың алдын алу  және оқушылардың  психологиялық денсаулығын сақтау бойынша өздерін қызықтырған өзекті сұрақтарға жауап алды.

1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg