2021 жылғы 11 тамызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы» КММ «ZOOM» платформасында «Қосымша білім беру» секциясында «Қосымша білім беру жүйесі қазіргі заманғы әлеуметтік-мәдени жағдайларда балалардың әлеуметтік бейімделуі мен кәсіби өзін-өзі анықтауын қамтамасыз ету факторы ретінде» тақырыбында жыл сайынғы облыстық тамыз конференциясын өткізді. Тыңдаушылардың жалпы саны 320 адамды құрады, оның ішінде 100 адам вебинарға қатысты және 220 адам вебинарды жазбада қарады.
Конференция жұмысы барысында балаларға қосымша білім беруді дамытуға байланысты мәселелер талқыланды, баланың өзін-өзі таныту құқығын қамтамасыз етуге, түрлі мүдделерін қанағаттандыруға, сабақтан тыс іс-әрекеттегі мотивациялық әлеуетті дамытуға бағытталған одан әрі басымдықтар айқындалды.
Онлайн-диалог алаңының модераторы психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығының директоры Петренко Елена Александровна болды.
Ол соңғы кезеңде Қостанай облысында соңғы үш жылдың статистикасымен салыстырғанда оң динамика байқалғанын атап өтті: жаңа бағыттағы үйірмелер ашылды, халықаралық, республикалық, облыстық, деңгейлердегі байқауларға қатысушылар мен жүлдегерлер саны артты. Қосымша білім беру ұйымдарының жұмысын мониторингілеу және талдау барысында жүйелі кемшіліктер мен бұзушылықтар айтылды.
2020-2021 оқу жылында Орталық 5 жобаны әзірлеп, іске асырды, мысалы, «Жас Ұлан» РБЖҰ - ның 10 жылдығы қарсаңында дебат қозғалысын дамыту үшін «Жас патриот» жобасы жүзеге асырылды, қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары мен педагогтерінің жетістіктерін насихаттау мақсатында «Пікірсайыс қозғалысының жұлдыздары» жобасы, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздіктің 30 шыңы» жобасы әзірленді, жеке тұлғаның түрлі қызмет түрлерінде шығармашылық өзін - өзі жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында - қосымша білім беру мекемелерінде оқитын оқушыларға арналған «Жас талант» жобасы.
Онлайн-диалогқа білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, директорлар, директорлардың орынбасарлары, қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты. Спикерлер ұйымдардың жұмыс тәжірибелерімен бөлісті, жыл бойы және жазғы демалыс кезінде қандай жұмыс жүргізілгені туралы айтты.
Жергілікті жерлердегі өз жұмыстары туралы 4 өңірдің өкілдері егжей-тегжейлі айтып берді:
- Латыпова З. М., Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің қосымша білім беру орталығы» ММ директоры;
- Огородникова С.Г., Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданының білім беру бөлімінің балалар өнер мектебі» КММ директоры;
- Оспанов А.С., Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «Робототехника», «Балалар мен жасөспірімдердің техникалық шығармашылық мектебі» КММ үйірмесінің жетекшісі;
- Манасбаев С.Ш., Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 2 мектеп-лицейі» КММ қосымша білім беру педагогы;
- Байгенжина Р.К., Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы» КММ әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы.
Вебинар барысында қосымша білім беруді жаңғырту жағдайында танымдық ынталандыруды дамыту; Балалар өнер мектептерінің оқу процесінде инновациялық білім беру технологияларын пайдалану; техникалық шығармашылық мектебінің жұмыс жағдайында балалардың өзін-өзі анықтауы; пікірсайыс қозғалысты дамыту; педагогтарды аттестаттау мәселелері көтерілді.
Қосымша білім беру ұйымдарына оқу - тәрбие процесін жетілдіру мақсатында жергілікті жерлерде облыстық тамыз конференциясының ұсыныстарын қарау, назарға алу және енгізу ұсынылды.

1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg