Халықаралық балаларды қорғау Күніне арналған облыстық қашықтықтан пікірсайыс турнирі

 

2021 жылғы 4 маусымда психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған облыстық қашықтықтан дебаттық турнирді онлайн-режимде ұйымдастырды және өткізді.

Пікірсайыстар күн сайын жастар арасында танымал бола түсуде, жыл сайынғы пікірсайыс турнирлерінде қатысушылардың шешендік шеберлігі көрсетіледі, олардың көшбасшылық қасиеттері қалыптасады.

Турнирдің басты мақсаты - өскелең ұрпақтың зияткерлік мүмкіндіктерін, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарын дамытуды қамтамасыз ететін мотивациялық кеңістік құру.

Турнирге Қостанай облысының жалпы білім беретін мектептерінен 26 команда екі тілдік лигада қатысты: мемлекеттік тілде – 12, орыс тілінде – 14.

Турнирдің төрешілер алқасының жұмыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

қазақ тіл лигасында:

1 орын иегері Қостанай ауданының балалар шығармашылық үйі «Наушабай ұландары» командасы болды;

2 орынды Арқалық қаласының Ы. Алтынсарин атындағы гимназияның «Алаш» командасы иеленді;

3 орын Қарабалық ауданының Мұхамеджан Сералин атындағы жалпы білім беретін мектептің командасына берілді;

«Үздік спикер» номинациясында Қостанай ауданының балалар шығармашылық үйінен білім алып жатқан Аруна Ерболқызы танылды;

 

орыс тіл лигасында

 

1 орын – «Патриот» командасы, Қостанай қаласының балалар шығармашылығы мектебі;

2 орын – «Fire Fox» командасы, Лисаков қаласының балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығы;

3 орын - Рудный қаласының № 5 гимназиясының «Макдака таяғы» командасы;

«Үздік спикер» номинациясында Рудный қаласының № 5 гимназиясының оқушысы Михаил Темірболатов марапатталды.

Облыстық пікірсайыс турнирінің барлық жеңімпаздары мен номинанттары Білім басқармасының грамоталарымен марапатталды, барлық қатысушылар сертификаттар алды.

Барлық жүлдегерлерді құттықтаймыз! Оларға алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!

1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg