Қарасу ауданындағы Әдістемелік Күн

 

2021 жылғы 28 мамырда Қарасу ауданының білім беру ұйымдарында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша білім беру ұйымдарының психологиялық қызметтерінің жұмысын зерделеу, әдістемелік көмек көрсету мақсатында Өңірлік психологиялық қолдау және қосымша білім беру орталығының мамандары әдістемелік күн өткізді.

Әдістемелік күн аясында «Қарасу ауданының білім беру бөлімінің Қарасу жалпы білім беру мектебі» КММ, «Қарасу ауданының білім беру бөлімінің мемлекеттік тілде оқытатын Қарасу негізгі орта мектебі» КММ, «Қарасу ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК білім беру ұйымдарына нақты көмек көрсетілді. Орталық мамандары педагогикалық ұжымдармен кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алуға ықпал ететін бірлескен қызметтің нақты мақсаттарын, бағыттары мен тәсілдерін анықтады.

Түзету қызметінің нәтижелілігінің критерийлері мен көрсеткіштерін әзірлеуге, педагог-психологтардың түзету, профилактикалық бағдарламалары мен жұмыс жоспарларының орындалуын бақылауды жүзеге асыруға әдістемелік көмек көрсетілді. Орталық мамандарымен электронды түрде әдістемелік материал ұсынылды, ол мыналарды қамтыды: психологтың нормативтік-құқықтық құжаттамасы, Қостанай облысының білім беру ұйымдарының (мектеп және ТжКБ) психологиялық қызметінің жағдайы, психологтар үшін жадынамалар, визиткалар және парақшалар.

Сындарлы сұхбат барысында білім беру ұйымдарының психологиялық қызметтерінің жұмысындағы проблемалар анықталды. Орталық мамандары психологиялық жағдайды диагностикалау және түзету бойынша педагог-психологтар үшін практикалық ұсыныстар берді.

Оқытушылармен жүргізілген жұмыстан кейін «Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы» КММ директоры Петренко Е.А. Қарасу ауданы әкімінің орынбасары Е.М.Мухановтың кездесуі өтті. Одан кейін Елена Александровна кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі Комиссияның отырысына қатысты, күн тәртібінде білім беру ұйымдарының психологиялық қызметтерінің жұмысы, суицид жағдайларының статистикасы, сондай-ақ аутодеструктивті мінез-құлық пен кәмелетке толмағандарға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері талқыланд.

1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg