2021 жылғы 26 мамырда мұражай педагогикасы арқылы әлеуметтенудің жаңа тәсілдерін және өскелең ұрпақтың бірегейлігін қалыптастыру процесін іздеу мақсатында психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы «Үздік мектеп мұражайы» республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізді.

Байқауға біздің облыстың 19 өңірінен: Амангелді, Алтынсарин, Әулиекөл, Сарыкөл, Қамысты, Қарасу, Қостанай, Меңдіқара, Ұзынкөл, Федоров, Денисов, Жітіқара, Қарабалық, Науырзым, Б.Майлин ауданы, Жангелді аудандарынан, сондай-ақ Қостанай, Рудный, Арқалық қалаларынан 31 мектеп мұражайы ұсынылды.

Жұмыстар келесі номинациялар бойынша ұсынылды:

«Тарихи мұражайлар» – әскери-тарихи, жауынгерлік даңқ мұражайлары, еңбек даңқы мұражайлары, халықтар достығы мұражайлары, мектеп тарихы, археология және этнография;

«Кешенді өлкетану мұражайлары» – аймақтың табиғат, экономика, тарих және мәдениет бөлімдері;

«Әдеби мұражайлар» – белгілі жазушылар мен олардың жергілікті өлкемен байланыстары туралы, сондай-ақ өз шығармаларында туған өлкесін айқын көрсеткен жерлес-жазушылар туралы баяндайтын мұражайлар.

Байқау материалын білікті қазылар алқасы құрамына кіретіндер бағалады:

Қазылар алқасының шешімі бойынша орындар келесідей бөлінді:

«Тарихи мұражайлар» номинациясында:

1 орын – Талкинбаева Амира, Әулиекөл ауданы Сұлтан Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясы;

2 орын – Әміржан Аружан, Рудный қаласы білім бөлімінің № 19 жалпы білім беретін мектебі;

2 орын – Новикова Вероника, Рудный қаласының № 14 жалпы білім беретін мектебі;

3 орын – Махмудова Диляра, Қамысты ауданының Ливанов негізгі орта мектебі;

3 орын – Борисова Елизавета, Қостанай ауданының И. Павлов атындағы жалпы білім беретін мектеп.

«Кешенді өлкетану мұражайлары» номинациясында:

1 орын – Әлімжан Інкар, Қостанай ауданының Мичурин жалпы білім беретін мектебі;

1 орын – Мұқан Сағит, Арқалық қаласы Ы. Алтынсарин атындағы гимназия;

2 орын – Жармухамбетова Аяна, «Денисов ауданының Заәйет негізгі орта мектебі;

3 орын – Артюхова Татьяна, Қостанай ауданы Тобыл қаласының мектеп-гимназиясы;

3 орын – Баяхметова Жамиля, «Меңдіқара ауданы білім бөлімінің Введен жалпы білім беретін мектебі.

«Әдеби мұражайлар» номинациясында:

1 орын – Айтмуратова Мулдир, Рудный қаласы Б. Майлин атындағы № 7 мектеп-гимназиясы;

2 орын – Наженова Сая, Қостанай ауданының Н.Наушабаев атындағы мектеп- гимназиясы.

Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының мадақтамаларымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша қатысушылардың жоғары дайындығы, жаңа технологияларды пайдалану, мектеп мұражайларын дамытуға қатысушылардың жеке үлесі атап өтілді. «Үздік мектеп мұражайы» облыстық байқауы біздің облыс өңірлерінде Қазақстанға шынайы патриотизм, махаббат, мақтаныш және өзінің кіші Отанына деген адалдық сезімін дамытуға ықпал ететін елеулі өлкетану жұмыстарының жүргізілуінің куәсі болды.

Барлық байқауға қатысушыларды құттықтаймыз, қызықты қазбалар, қызықты олжалар, шығармашылық шабыт, барлық бастамаларда ынта-жігер тілейміз!!!

1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg