Облыстық «Ұланбасы» сайлауы туралы ереже.

 

1. Жалпы ережелер

1. Осы облыстық «Ұланбасы» сайлау туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Жас Ұлан» облыстық кеңесі көшбасшысының сайлауын дайындау мен өткізудің негізгі қағидаттарын айқындайды.

«Ұланбасы» – «Жас Ұлан» көшбасшысы, Облыстың «Жас Ұлан» ББЖҰ басшысы болып табылады, «Жас Ұлан» ұйымы мүшелерінің қоғамдық қызметіне басшылық етеді, өз атынан және оқушылар атынан ұйымның қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді, түрлі әлеуметтік жобаларға, іс-шараларға бастамашылық етеді және ұйымдастырады.

«Ұланбасы» сайлауы тең және төте сайлау құқығы негізінде ашық дауыс беру арқылы өткізіледі.

 

2. Сайлауды өткізу мерзімдері мен кезеңдері

1. Сайлауды өткізу мерзімі: 2021 жылғы қараша.

2. Сайлау науқанының кезеңдері:

1-кезең: Насихаттық -2021 жылғы 15-19 қараша аралығында

2 кезең: Сайлау (БКБ режимінде өткізіледі).

3. Сайлауға барлық аудандық / қалалық «Ұланбасы» қатысады.

 

3. Сайлау алдындағы насихат

1. Сайлау алдындағы насихат кандидаттың сайлау алдындағы бағдарламасын ПҚжҚББӨО (фейсбук, инстаграм) ресми арналарында орналастыру арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін насихат ролигін 11.11.2021 жылға дейін Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс..электрондық поштаға жіберу қажет.

2. Кандидаттар өздеріне сайлау науқанын жүргізуге көмектесетін, сайлау алдындағы үгітті жүргізетін, кандидаттардың мүдделерін білдіретін сенім білдірілген адамдары (шектеусіз саны) болуға құқылы.

 

4. Дауыс беру тәртібі

Кандидаттар сайлау алдындағы бағдарламасын (3 минутқа дейін) және өзін-өзі таныстыруды (4 минутқа дейін) ұсынады. Көрнекі сүйемелдеудің болуы міндетті.

Дауыс беру сайлау күні кандидаттардың сөз сөйлеуінен кейін өткізіледі. Дауыс беру кандидаттың тегін жария ету жолымен ашық өткізіледі.

 

5. Дауыс беру қорытындыларын анықтау

1. Дауыстарды санауды аудандық / қалалық үйлестірушілер қатарынан есеп комиссиясы жүргізеді.

2. Сайлау қорытындылары ПҚжҚББӨО-ның ресми ресурстарында орналастырылады.

3. Ең көп дауыс жинаған кандидат «Ұланбасы» сайланды деп есептеледі.

4. Дауыс беру қорытындысы бойынша жеңімпазға облыстың «Ұланбасы» мандаты беріледі.

1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg