«Менің Отаным- тәуелсіз Қазақстан» бірыңғай іс- қимылдың облыстық акциясын өткізудің ережесі.

1. Жалпы ереже

1. Осы қағидалар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және «Жас Ұлан» Республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының 10 жылдығына арналған жалпы, орта және қосымша білім беру оқушылары арасында «Менің Отаным - Тәуелсіз Қазақстан» бірыңғай іс – қимылдың облыстық акциясын (бұдан әрі-акция) өткізу тәртібін айқындайды.

2. Акцияның ұйымдастырушылары: аудандық және қалалық білім бөлімдерінің қолдауымен балалар қоғамдық бірлестіктері мен ұйымдары.

3. Үйлестіруші: Қостанай облысы білім басқармасының «Психологиялық қолау және қосымша білім беру өңірлік орталығы» КММ.

4. Акцияның мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді, іске жауапкершілікпен қарауды, ел тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына қатыстылықты қалыптастыру.

5. Акцияның міндеттері:

1) балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен санасын арттыру;

2) оқушылардың зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін оң жағдай жасау;

3) баланың жауапкершілігі мен еңбексүйгіштігін қалыптастыруға, көшбасшылық әлеуеті мен ұйымдастырушылық қабілеттерін ашуға бағытталған жеке қасиеттерін дамыту.

 

2. Қатысушылар

Қостанай облысының аудандары мен қалаларының балалар қоғамдық бірлестіктері мен ұйымдарының балалары мен жасөспірімдері, педагогикалық қоғамдастық, ата-аналар, жергілікті билік органдары, бұқаралық ақпарат құралдары.

 

3. Акцияны өткізу шарттары

1. Өткізу мерзімдері: 2021 жылдың 1 мамырынан – 20 мамырына дейін.

2. Акцияны өткізу туралы мәтіндік есепті, фото-бейне есепті, жарияланымдарға сілтемелерді 2021 жылғы 20 мамырдан кешіктірмей Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық мекенжайға «Өңір, бірыңғай іс- қимылдың акциясы белгісімен» тел: 390033 ұсыну қажет.

 

4. Акцияны өткізу тәртібі

1. Бірыңғай іс-қимылдың облыстық акциясы бүкіл облыс бойынша өткізіледі. Әрбір өңір акцияны өткізуді ұйымдастыру нысанын өздігінен айқындайды.

2. Акцияның барлық іс-шаралары балалар ұйымының рәміздерін, туларды, музыкалық сүйемелдеуді, шарларды, билбордтарды, үлестірме материалдарды, акцияның барлық қатысушылары үшін бірыңғай ленталарды (банттарды, белгішелерді) міндетті түрде пайдалана отырып өткізілуі тиіс. БАҚ-та жариялау міндетті.

3. Акция бағдарламасында түрлі іс-шаралар өткізілуі мүмкін:

1) балалар мен жасөспірімдердің қолданбалы, сәндік – қолданбалы және техникалық шығармашылығы көрмелерінің, балалар мен ересектердің өмірі туралы баяндайтын жас суретшілер мен фотографтардың галереяларының жұмысы;

2) өңірдің балалар қоғамдық бірлестіктері мен ұйымдарының қызметі туралы, олардың қызметі мен нәтижелілігі туралы баяндайтын шығармашылық ақпараттық стенділер ресімдеу;

3) «Менің Қазақстаным-менің болашағым» тақырыбында балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық, спорттық, оқыту кездесулерін өткізу;

4) «Алыстағы досыңызға хат жаз» елдің балалар ұйымдарымен пошталық хат алмасуды ұйымдастыру;

5) салтанатты митингілер, концерттер, флэш-мобтар және т. б.

1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg 1.jpg